Мектеп тарихы » №210 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №210 имени О.Абилпаттаева"
отдела образования по Сырдарьинскому району
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72436) 21-156
Бухгалтерия
+7(72436) 21-156
Версия для
слабовидящих
» » » Мектеп тарихы
19
январь
2023

Мектеп тарихы

Мектеп өмірбаяны


     Мектеп-өмір бастауы, білім кемесі, даналықтың мұрасы екені сөзсіз.  Өскелең ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыратын мектеп. Мектеп тарихында соғыс жылдары ұс­таздық қызмет еткен педагог­тар­дың есімі әйгілі. Солардың қатарында Оспан Әбілпаттаевтың есімі ерекше аталады, алғашқы ұстаздың осы еңбегі иеленіп, аталмыш білім ордасына онамастикалық комитеттің шешімімен Оспан Әбілпаттаевтың есімі берілді.

№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі 2002 жылы пайдалануға берілген. Мектеп силикат кірпішпен салынған. Мектеп бейімделген, 250 орындық, жалпы алаңы – 1650,8 кв.м, негізгі алаңы – 1584,4 кв.м. Оқу кабинеттері – 15, оның ішінде – 1 физика кабинеті жаңа модификациялы, 1- мултимедиа кабинеті мен мобильді сынып кабинеті компьютермен жабдықталған. Спорт залмен қамтамасыз етілген, ұлдар және қыздар шешінетін бөлмелер бар. Кәріз жүйесі орталықтандырылған. Мектеп алды темір шарбақпен қоршалған. Мектеп іші әжетханамен қамтамасыз етілген. Қол жуғыш саны – 7 дана. Мембранды сумен қамтамасыз етілген. 2022 жылдан бастап газбен жылытылады. 

Республиканың түкпір-түкпірінде түрлі салада қызметте жүрген талай жанның бағын ашқан мектеп тарихында шын мә­нін­де аты мәңгі өшпейтін тұлғалардың өшпес ізі қалған. Білімге бастау алған талантты жан­дардың балалық шағы мен балдәурені мектеп қабырғасында қалыптасты. Осыған дейін жиырмаға жуық басшы қызмет атқарған мектептің бүгінгі аяқ-алысы жаман емес. Талай тарихқа куә болған, сан шәкірттің бойына білім мен тәрбиені, адамгершілік пен отансүйгіштікті қалыптастырған мектеп басшылары мен ұлағатты ұстаздардың көшін 2021 жылдан бері басқарып отырған  Сактапова Света Мухтаровна.Мектеп әкімшілік құрамында оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанабергенов Айгуль Турехановна ,бастауыш сыныптар жөніндегі оқу-тәрбие орынбасары Таюпова Сауле,  тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Друмова Айгул Сәрсенқызы, бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Абуталипова Турганкуль қызмет атқарады.

     Мектепте барлығы – 397 оқушы, 21 сынып комплект;

Бүгінгі таңда мектепте   мұғалім қызметкерлер  саны –68. Жоғарғы білімдісі-66;   Арнаулы орта- 2;  Жаңа аттестациялау үлгісі бойынша педагог-зерттеуші-6 мұғалім, педагог-сарапшы-34 мұғалім, педагог-модератор-10 мұғалім. 

Бүгінгі күнде мектеп ұжымы жеткіншек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мол тәжірибелер жинақтады. Ғасырға жуық тарихы бар мектеп дәстүрін сақтай отырып, инновациялық   технологияларға қарай қадам  басу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру біз үшін  аса маңызды болып табылады. Мектеп ұстаздары мен шәкірттерінің жеткен жетістіктері мен алған асуларын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Әр оқу жылында мектептің   оқушылары мен ұстаздары аудан, облысты айтпағанда, республикалық деңгейдегі сан түрлі байқаулар, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленуде. Осындай нәтижелі жұмыстар арқасында мектеп 2022 жылы облыстық кәсіподақ комитетінің «Лучший әлеуметтік әріптес» номинациясын иеленді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив