23
ноябрь
2022
СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!
Мектеп деген білім күні ,жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені!
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде барша шәкірттер мен ұстаздар алтын ұя мектебіне қайта оралды.
1 қыркүйек "Білім күні" мерекесіне арналған № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде "Сыңғырла, алғашқы қоңырау!" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Атаулы мерекелік шараға мектеп директоры Света Мұхтарқызы,аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Төрәлиев Жеңісбек Үсенұлы,аудандық білім бөлімінің әдіскері Сақтағанова Салтанат Қуанышбекқызы, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің тілшісі Мұханбетқали Аружан және ардагер ұстаздар Бөріт Күлжамал, Омарова Дина, Жолмаханова Гүлзира, Ұзақбайқызы Күлаш апайларымыз қатысты. Қонақтар өздерінің ізгі тілектерін айтып, барша оқушыларды, ұстаздарды атаулы мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Шара шығармашылық ізденісімен ерекшеленген ұстаздарды марапаттау рәсімімен жалғасты. Бастауыш сынып мұғалімі Шаймерденқызы Жанат еліміздің әлеуметтік және рухани дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен марапатталса, тарих пәні мұғалімі Тәңкібаева Құндызай Шайланқызы арнай алғыс хатпен марапатталды.
Салтанатты жиын барысында О.Әбілпаттаев ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі Айтуарұлы Әлішер мен Талғатқызы Дильназға тапсырылса, 2022-2023 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Кенжебекұлы Мейірбек пен Шағырова Гүлфаризаға және 1 сынып оқушыларыТалғатұлы Мақсат пен Сексенбаева Анеляға тапсырылды.
Салтанатты шара соңында Жеңісбек Үсенұлы ақ батасын беріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.