18
октябрь
2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КҮЗГІ СПАРТАКИАДА
Бүгін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен N 37 мектеп-лицей базасында мектеп оқушыларының аудандық күзгі спартакиадасының КІШІ ФУТБОЛ (қыздар- ұлдар) спорт түрі бойынша жарысы өткізілді.
Аудандық спартакиаданың мақсаты:
мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спорт жүйесін дамыту;
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Спартакиада 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Спартакиадаға ауданымыздың 17 мектебінен 250 оқушы қатысып, спартакиаданың қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі ІІІ орынды N 37 мектеп- лицей, ІІ орынды N 130 орта мектеп , І орынды N 36 мектеп-лицей командалары жеңіп алды. Ұлдар арасында жүлделі ІІІ орынды N 36 мектеп- лицей, ІІ орынды N 210 орта мектеп , І орынды N 137 орта мектеп командалары жеңіп алды. Жеңімпаз команда 29 қазан -07 қараша күндері Қызылорда қаласында өткізілетін облыстық күзгі спартакиадасына жолдама алды.
