07
март
2023
Нәзік жандар нақышы»
Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Нәзік жандар нақышы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге аудан көлеміндегі іскер және қолөнер шеберлері – әйел-аналардың, ұстаздар мен оқушылардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары қойылды. Шара барысында оқушылар қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен таныстырып, бір-біріммен тәжірибе алмасты. Шара соңында музей қызметкерлері мерекеге орай жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға «Алғыс хаттар» табысталды.
