13
декабрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
29.11.2022ж күні №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 3"А"сынып оқушылары(сынып жетекшісі Таюпова Сәуле Файзуллақызы)және мектеп кітапханашысы Рақышева Жанар Төлеутайқызының ұйымдастастырумен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мәншүк Маметова апамыздың туғанына 100 жыл толуына орай "Бала Мәншүк" іс-шарасы өтілді. Шара мақсаты тарихи өмірде орны айрықша ерлігін үлгі ете отырып жас ұрпақты,елін,халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке ержүректілікке тәрбиелеу. Оқушылар Аудандық Еңбек Даңқы Музейіне саяхат жасап Мәншүк апамыздың ерлігі мен өмірі туралы тақпақтар оқыды.Музей қызметкері Қуандықова Салтанат Нұрмағанбетқызы музей жәдігерлерімен таныстырды.Оқушылар өздеріне қажетті, керек мағлұматтар алды.
