26
декабрь
2022
ЖАС СПОРТШЫЛАР

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев облыстық, Республикалық, Халықаралық жарыстарға қатысып, аудан мерейін үстем қылып жүрген жас жеңімпаз спортшыларды қабылдады.
2022 жылдың 26 қараша күні Қызылорда қаласы, "Евразия" спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен "ORDA "ZHEKPE-ZHEK CHAMPIONSHIP" атты Халықаралық турнир өткені белгілі. Осы чемпионатқа елімізден көптеген жас спортшылар қатысты. Оның ішінде Сырдариялық жас спортышымыз, N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ерасыл Мұратов 55 кг салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсетті.
- Ауданымызда өздерің секілді жас спортшыларды қолдау бағытында тиісті шаралар қолға алынып, нәтижесінде спортшыларымыз облыстық, Республикалық, Халықаралық жарыстардан үнемі жоғарғы жетістіктермен оралуда. Сіздер де сол жеңісті жолды жалғап, жеңістің биік шыңынан көрініп отырсыздар. Мұндай жеңістер еңбек пен қажырлы күшпен келеді, намысты қолдан бермей, ауданымыздың атын шығарғандарың үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Жеңістеріңіз құтты болсын! - деді аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзінде.
Шара соңында жас спортшыларға аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, естелік суретке түсті.