06
февраль
2023
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды.
Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде
« Қызға үлгі көрсет , ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеді.
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан- жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде мектептегі кейбір қыздарымыздың тәртібінің төмендеп бара жатқандығы. Яғни ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар оқу – тәрбие жұмыстарына кесірін тигізіп жатқаны рас. Осы орайда №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде 8-11 сынып қыз балаларымен , аудандық "Жастар ресурстық орталығының" кеңесшісі Бәйтәжиева Жансая Нұрланқызы мен Ыдырысов Рамазан Бибосынұлының ұйымдастыруымен, аудандық білім бөлімінің іс - шара жоспарына сәйкес "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында аудандық емхана акушер- гинекологы Ноғайбекова Марал Тоқтарқызымен кездесу болып өтті. кездесудің мақсаты қазіргі таңда болып жатқан жастар арасындағы ерте жүктілік оның денсаулыққа зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.