13
январь
2023
Мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты болдырмау
Мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты болдырмау
11.01.2023ж күні № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алды алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды екенін түсіндіру және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ата-аналар мәжілісі өткізілді. Жиын қонақтары ретінде Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Мұханбетқали Аружан, Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Созақбаев Ақдаулет Бердібекұлы, Мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Байтөлеева Серіккүл Тұрсынбекқызы қатысты. Жиынды мектеп директоры Сактапова Света Мұхтарқызы жүргізді.
Алғаш болып мектептің әлеуметтік педагогы Тәжібаева Айгүл Әбдісұлтанқызы сөз алып « Мектептің әлеуметтік картасының моделі» тақырыбы бойынша ақпараттандырып, жыл бойғы атқарылған жұмыстар есебін берді. Әрі қарай жиын «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Друмова Айгүл Сәрсенқызының баяндамасымен жалғасты. Түнгі жүріс, қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі электронды темекі жайында ақпараттандыру жұымысын жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Родителям құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-ана, бала, мектеп үштік одақ негізінде жұмыс жасауға шақырды. Мектеп психологы Алжанова Анипа Темірбекқызы «Балалар үшін бірігейік» тақырыбында ата – аналарға кеңес беріп, қазіргі кездегі бала бойындағы мінез-құлықтың өзгеруі, басты проблемаларымыздың туындау себептерінің бірі интернет,әлеуметтік желі және жалпы смартфонға тәуелділік мәселелеріне тоқталды.Бала тәрбиесі -бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның абыройлы міндеті. "Бала тәрбиесіндегі жиі кездесетін кемшіліктер" тақырыбында видеоролик көрсетіліп, "Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында"және "Кітап оқуға деген қызығушылығын қалай оятуға болады?" тақырыбында ата-аналарға жадынамалар таратылды.
Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Созақбаев Ақдаулет Бердібекұлы сөз алып, "Администрация құқықы бұзушылық туралы" заңның 127 бабы "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы" және 442 бабы "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" баптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Байтөлеева Серіккүл Тұрсынбекқызы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өз алғысын білдірді. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Мұхамбетқали Аружан қазіргі кездегі бала тәрбиесі жайында сөз қозғап, өзекті мәселенің бірі екендігін алға тартты.
Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді ұлттық дәстүр, ұлттық құндылық рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.


