23
ноябрь
2022
«Бала құқығы- адам құқығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.
20 қараша өте маңызды құжат – «Бала құқықтары туралы конвенцияның» қабылданғанына арналған Дүниежүзілік бала құқықтарын қорғау аясында мектебімізде онкүндіктің іс-шара жоспары бойынша 8 және 10 сыныптарда «Бала құқығы- адам құқығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты оқушыларға адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарымен танысу, кәмелетке толмағандардың бастапқы құқықтық білімін жалпылау арқылы балалардың бойындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Міндеті: бала құқықтары туралы түсінік беру, балалардың танымдық, шығармашылық, коммуникативтік белсенділігін дамыту; басқаларға әділдік пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Балалар мен жасөспірімдер кез-келген қоғамның ең осал мүшелері болып табылады .Олар ерекше қорғаныс пен көмекке мұқтаж, сондықтан біз балаларды қорғау және оларды қауіпсіз және қорғалған әлемде тәрбиелеуге көмектесу үшін бәрін жасауымыз керек.
Барлық балалар сабақ кезеңінде ситуациялық ойындарға белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, ұсынылған жағдайларға өз көзқарастарын білдірді. Және сонымен қатар оқушылар адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық құжаттардың құрылу тарихымен және негізгі ережелерімен танысты, адам құқықтарының бұзылу жағдайлары мен оларды қорғау тәсілдерін қарастырды. Ситуациялық ойындар және бала міндеттері тақырыбында бейнеролик көру арқылы балалардың құқықтары туралы көбірек білуге және алған білімдерін бекітуге көмектесті.
и ещё 4
12Вы, Света Сактапова, Aigerim Meyrambek и ещё 9