06
февраль
2023
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы
30.01.2023ж күні мектеп оқушыларына Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес Сырдария аудандық мәдениет үйінде "Сұлтан Бейбарыс" деректі фильмі көрсетілді.
Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.

