СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ » №210 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №210 имени О.Абилпаттаева"
отдела образования по Сырдарьинскому району
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72436) 21-156
Бухгалтерия
+7(72436) 21-156
Версия для
слабовидящих
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
19
июнь
2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Сырдария ауданының оқушылары футболдан өткізілген "Былғары доп" мектеп лигасының республикалық кезеңінде чемпион атанып, жеңіспен оралды.
Маусым айының 4-12 күндері аралығында Павлодар қаласында ұымдастырылған жарыста Сырдария ауданының С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектептің оқушылары Қызылорда облысының намысын қорғады.
12 облыстан келген спортшылар қатысқан республикалық мектеп лигасы жоғары деңгейде өтті. Сырдариялық өрендер бірнеше кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.
Жеңімпаз атанып, Сыр өңірінің абырой асқақтатқан оқушыларды аудандық білім бөлімінің мамандары күтіп алып, арнайы құрмет көрсетті.
– Биылғы оқу жылы ауданымыз үшін жемісті болып тұр. Оқушыларымыз облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы атанды. Ал, мектеп лигасының республикалық кезеңінде чемпион атанған сырдариялықтардың жеңісі ауданның ғана емес, облыстық жетістігі,- дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева.
Айта кету керек, "Былғары доп" мектеп лигасының республикалық кезеңінде чемпион атанған оқушылар естелік медальмен, кубокпен және "Алғыс атпен" марапатталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив