21
декабрь
2021
"Тұғыры биік - Тәуелсіздік" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
N 210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бойынша Қ.Р - нің 30 жылдығына орай 5а сыныбының жетекшісі Мейрамбекова Айгерімнің ұйымдастыруымен "Тұғыры биік - Тәуелсіздік" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Шараға мектебіміздің директоры С.Сактапова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Друмова қатысты.
Тәрбие сағатытының мақсаты оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Шара ҚР-ның гимн орындаудан басталып, 1986 жылдың 16 желтоксанында болган көтеріліс жайында көрсетілді, оқушылар жырдан шашу шашты. Қазақстанның тарихынан оқушыларға сұрақтар қойылып, жүйріктер мен білімділер анықталды.
Тәуелсіздік ұғымының маңыздылығымен киелілігін ұғындыруға бағытталған игі шарада тәуелсіз елдің ұландары өнерлерін ортаға салды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар мектебімізде өз жалғасын таппақ.