26
декабрь
2022
МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ

МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді екен. Біреулері үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, ал келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек.
Осы орайда № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде "Мамандығым - болашағым" тақырыбындағы онкүндік аясында "Мектеп парламенті" мүшелерінің ұйымдастыруымен "Мамандығым-болашағым" тақырыбында түрлі салада қызмет жасап жүрген мектеп түлектері кезедсу қонағы болды. Кездесу мақсаты адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау болды.