
N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде " Мамандығым - болашағым" атты апталықтың аясында 4 сыныптарда "Мен өскенде кім болам?" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Оқушылардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын дамыту.Тәрбие сағатында түрлі маман иелерімен кездесіп, оқушылар өлеңдерін оқып, мамандық жайлы ойларын айтты. Сергіту сәтінде " Дұрыс па, бұрыс па?" ойыны арқылы түрлі мамандықтың атқаратын қызметін дұрыс тауып , керекті сөздерді қойды.Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн.Дегенмен ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет екенін меңгерді