ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК! » №210 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №210 имени О.Абилпаттаева"
отдела образования по Сырдарьинскому району
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72436) 21-156
Бухгалтерия
+7(72436) 21-156
Версия для
слабовидящих
» » ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК!
14
декабрь
2022

ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК!


🇰🇿🇰🇿ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК!🇰🇿🇰🇿
   Мен - Қазақпын, өренімін елімнің,
   Жамандықтан, надандықтан жерідім.
   Ұрпағымын қасиетті қазақтың,
   Ұлылардың арқалаған сенімін.
Өткенін ұмытпаған, батырларын ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. 
       Мереке қарсаңында N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі мен Тереңөзек Кент мәдениет үйінің бірлесуімен "Тұғыры биік тәуелсіздік" тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиын шымылдығы  мектеп жанынан құрылған "Жас толқын" театр үйірмесінің  сахналық қойылымымен ашылды. Мектеп директоры Сактапова Света Мұқтарқызы сөз сөйлеп, барша жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, мереке қарсаңындағы Республикалық, аудандық деңгейдегі арнайы дипломдарды табыс етті. 
       "Мектеп парламенті және өзін-өзі басқару" ұйымының президенті және министрлері ұлықталып, арнайы құжаттар табысталды. 
          Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген тердің, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Айтылған әсем әндер, тартылған күйлер, мың бұралған биші қыздардың билері, барлығыда ел тәуелсіздігіне арналды. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылар өлеңдер оқып, көрермендерді тәнті етті.
         Салтанатты жиын мектебіміздің 15 оқушысын Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау ресімімен жалғасты. 
         Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды  ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! 
     🌺МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!🌺
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив