«ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ҚҰЛДЫРАМАСЫН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ » №210 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №210 имени О.Абилпаттаева"
отдела образования по Сырдарьинскому району
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72436) 21-156
Бухгалтерия
+7(72436) 21-156
Версия для
слабовидящих
» » «ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ҚҰЛДЫРАМАСЫН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ
24
май
2022

«ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ҚҰЛДЫРАМАСЫН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2022 жылдың   23 мамыр күні сағат 10.00де кент орталығындағы № 131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп ғимаратында «Құндылықтарымыз  құлдырамасын» тақырыбында 9-11 сыныптың  оқушы қыздарымен отбасы құндылықтарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, «Сырдария ауданының әйелдері» ҚБ төрайымы Ұ.Жаналиева «Сырдария қоры» ҚБ төрайымы Н.Керейтбаева, «Сырдария ауданының әйелдері» ҚБ мүшесі, Қ.Әбілқайырова, Тереңөзек кентінің әйелдері кеңесінің төрайымы  А.Нұртаевалар қатысты.
  Кездесу барысында отбасы құндылықтары туралы нақты мәселелер көтеріліп, № 131 мектептің 11 сынып оқушысы Ф.Жұматай мен 10 сынып оқушысы К.Зайдағали  қатысқан қонақтарға  жылы лебіздерін білдірді.  
Аталмыш шараның жалғасы № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің акт залында  8-10 сыныптың оқушы қыздарымен кездесуге ұласты. Кездесуде  Ұлмекен Шанайқызы отбасындағы ата-ананың маңызды ролін,  отбасындағы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беру керектігі жөнінде айтып өтті. Өмірзақова Гүлнар 9 «А» сынып жетекшісі сөз алып, кездесуді қорытындылады.
Шара соңында естелік суретке түсті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив