16
июнь
2023
"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" АРУЛАР САЙЫСЫ
"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" АРУЛАР САЙЫСЫ
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған күндізгі "Ұлан" тынығу лагерінде "Лагерь аруы - 2023" атты арулар сайысы өткізілді.


I кезең: "Сәлем — сөздің анасы".
II кезең: "Тапқыр болсаң, тауып көр".
III кезең: "Өнерлі өрге жүзер".
IV кезең: "Қыздарға әсемдік жарасады.

- өлең шумақтарымен өздерін таныстырды;
- қиынды қағаздарды құрастырып, бейнеленген суретке анықтама берді;
- өз өнерлерін көрсету мақсатында бірі мың бұрала билесе, енді бірі ұлы ақындарымыздың шығармашылығынан өлеңді мәнерлеп оқыды;
- қолдан жасалған сәндік үлгілерін киіп, қазылар алқасы мүшесіне сән көрсетті.

"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" номинациясы бойынша Нұрлыбекқызы Інжу,
"ӨНЕРЛІ АРУ" номинациясы бойынша Алмабекқызы Аружан,
"СӘНҚОЙ АРУ" номинациясы бойынша Ибрай Үміт марапатталды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсету арқылы марапатпен қоса сыйлықтарға ие болды.

