16
февраль
2023
"Адалдық пен әділдік" тақырыбында мақал - мәтел сайысы

15 ақпан күні 5 "А" ,"Б" сынып оқушыларымен "Адалдық пен әділдік" тақырыбында мақал - мәтел сайысы өткізілді. Пән мұғалімі Қалымбетова Мақпал мен " Жас әдебиетші" үйірмесінің жетекшісі Акимжанов Абзал жүргізді. Сайыс төрт кезеңге бөлінді. 1- кезең жағдаят талдау; 2- кезең ,,Сыңарын тап,,ойыны(Мақалдың жалғасын табу)3-кезең ,,Мақал-мәтел-сөз мәйегі,,кезеңінде мақал-мәтел айтудан жарыс.4-кезең тексеру тесті.Екі топтағы оқушылар шығу тестін тапсырып,дұрыс жауап белгілейді. Осылайша, сайыстың шарты түсіндірілген соң,оқушылар " Алғырлар", "Тапқырлар" тобы болып екіге бөлінді. Мақал- мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Бүгінгі сайысымыздың мақсаты: оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету;
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту;
3. Оқушыларды тапқырлыққа, даналыққа жҽне ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кай топтың жауаптары кәдік шықты.
«Адалдық пен әділдік" сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дегендей қазылар алқасының әділ шешімімен " Тапқырлар" тобы жеңіске жетті.