Яхия Тасыров атамызбен кездесу » №210 орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №210 имени О.Абилпаттаева"
отдела образования по Сырдарьинскому району
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72436) 21-156
Бухгалтерия
+7(72436) 21-156
Версия для
слабовидящих
» » Яхия Тасыров атамызбен кездесу
10
май
2023

Яхия Тасыров атамызбен кездесу

9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай  8-сынып оқушылары (жетекшілері А.Арыстанбаева, С.Жорықбаева) еліміздің мақтанышы, ұлы Отан соғысының ардагері, ғасырдан асқан  аңыз адам Яхия Тасыров атамызбен кездесті. Кездесу барысында ардагер ата өзінің соғыс кезінде бастан кешірген қиыншылықтары, сұм соғыстың қаншама ананың баладан , қанша баланың әке мен бауырдан айрылғаны, соғыстың зардаптары жайлы айтып берді.
 Қазіргі бейбіт өмір өзінің жанын пида еткен мыңдаған ата-бабаларымыздың   ерен еңбегі мен  ерлігінің арқасында екенін ұмытпауымыз керек. Оқушылар ардагер атамызға ән айтып, күмбірлеген күйлерін  арнады. Батагөй ақсақал жастарға әрдайым еліміз тыныштық пен татулықта өмір сүріп, өздерінің бақытты да ғұмырлы болуын тілеп, ақ батасын берді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив