24
май
2022
«Туған жерге-тағзым» атты жоба
Еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты орын, түркілердің төл мекені – Түркістанмен таныстыру мақсатында «Туған жерге-тағзым» атты жоба аясында мектебіміздің 9-сынып оқушылары облыстық турист мамандары мен сынып жетекшісі Умирзакова Гулнараның ұйымдастыруымен 14-мамвр күні діни және тарихи киелі орын саналатынТүркістан қаласына саяхаттап қайтты.
Саяхат ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орын Арыстан баб кесенесіне барудан басталды. Бұл жерде баба мүрдесі қойылған ерекше бөлмені көріп, арнайы тілек тілейтін орында болып, Арыстан баб құдығының қасиетті суының дәмін татты. Оқушыларды таңқалдырған, оларды қызықтырған ерекше нысан болды. Бұл Арыстан бабтың қабіріне түнеп, мінәжат етуі, оның тарихы оқушыларды бей-жай қалдырмады. Бұл киелі орыннан соң Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына саяхат жасап, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнын, қаладағы моншаның орнына жүргізілген қазба жұмыстарын және құмырашылар шеберханасын тамашалады. "Әулие ана" атанған Гауһар ана кесене ішінде құран оқытылып, тілек тіледік.Кесене аумағында қасиетті құдық бар. Оның суы түрлі дертке шипа екен. Осыдан кейін Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне саяхаттады. Саяхат барысында мектеп оқушылары еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көрді, тарихымен танысып,ерекше әсер алды. Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді оқушыларға дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды. Саяхат тек тарихи нысандарды аралау және олармен танысумен шектелмей, әрі қарай Түркістанның тағы бір көрікті орны – "Керуен сарай" туристік кешеніндегі кешкі керемет серуендеумен жалғасын тапты.
Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды.


