Жетістіктеріміз - №210 орта мектебі https://210-syr.mektebi.kz/ ru Жетістіктеріміз - №210 орта мектебі DataLife Engine "Автомат шашу және тир ату" https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1041-avtomat-shashu-zhne-tir-atu.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1041-avtomat-shashu-zhne-tir-atu.html Құттықтаймыз! 🎉🎉🎉
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында "Автомат  шашу және тир ату" сайысында Бауыржанқызы Ақнур жүлделі І орын иеленді. Аталмыш сайысқа белсене қатысқаны үшін Ерғабылов Абзал марапатталды. 
Жетекшісі:  Ерболат Садыков
]]>
Құттықтаймыз! 🎉🎉🎉

210syr Mon, 13 Nov 2023 18:12:11 +0600
"210 құрамасы" жайдарман тобы https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1039-210-ramasy-zhajdarman-toby.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1039-210-ramasy-zhajdarman-toby.html N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі оқушыларынан құралған "210 құрамасы" жайдарман тобы Сырдария аудандык Қоғамдық Даму Бөлімінің қолдауымен "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "ЖАСТАР КУБОГЫ" жайдарман сайысында үздік өнер көрсетіп жүлделі І орынды иеленіп, Жастар Ресурстық Орталығының арнайы дипломымен және  қаржылай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар өткен ойындардағы ұпай санымен финалдық кезеңде өтетін  "ҮЛКЕН КУБОККЕ" жолдама алды. 
Команда жетекшісі Арықов Өркен 
]]>
N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі оқушыларынан құралған "210 құрамасы" жайдарман тобы Сырдария аудандык Қоғамдық Даму Бөлімінің қолдауымен "Мирас" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "ЖАСТАР КУБОГЫ" жайдарман сайысында үздік өнер көрсетіп жүлделі І орынды иеленіп, Жастар Ресурстық Орталығының арнайы дипломымен және  қаржылай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар өткен ойындардағы ұпай санымен финалдық кезеңде өтетін  "ҮЛКЕН КУБОККЕ" жолдама алды. 
Команда жетекшісі Арықов Өркен 
]]>
210syr Mon, 13 Nov 2023 18:01:02 +0600
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1038-ly-nertapyshtya-alashy-adam.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1038-ly-nertapyshtya-alashy-adam.html Құттықтаймыз!!! 
Биылғы оқу жылының алғашқы жетістіктері құтты болсын! Дарынды оқушыларды қолдау және  өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту мақсатында өткен
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» Республикалық инновациялық идеялар байқауының І кезеңінде «Су  көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша 9 "а" сынып оқушысы Дүйсенбай Ернар жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Арыстанбекова  Айгерім. 9 "б" сынып оқушысы Жұмағалиев Жомарт жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Сағидолла Бекзат.Жас өнертапқыш  оқушыларымыз көбейе берсін! 
]]>
Құттықтаймыз!!! 

210syr Mon, 13 Nov 2023 17:55:58 +0600
"Театрдың ғажайып әлемі" https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1036-teatrdy-azhajyp-lem.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1036-teatrdy-azhajyp-lem.html ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Театрдың ғажайып әлемі" театр өнерінің республикалық фестиваль - байқауының облыстық кезеңінде "Драмалық спектакль" номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды  Сырдария ауданы № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің "Жас толқын" мектеп театры  жеңіп алды. Жетекшілері ДТІЖО А.Друмова, "Жас толқын" мектеп театры үйірмесінің жетекшісі А.Акимжанов, А.Абылаева.
]]>
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

210syr Mon, 13 Nov 2023 17:51:13 +0600
Құттықтаймыз! https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1028-ttytajmyz.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1028-ttytajmyz.html
Құттықтаймыз!! 🎉🥇🥇
7 мамыр— Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген аудандық жарыста N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің АӘТД пәні оқытушы—ұйымдастырушысы Садыков Ерболат жүлделі 1 🥇орынды жеңіп алды. 
Әріптесімізге толағай табыстар тілейміз.

210syr Wed, 10 May 2023 13:09:14 +0600
Құттықтаймыз!!! https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1027-ttytajmyz.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1027-ttytajmyz.html
Құттықтаймыз!!! 
Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін  N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің АӘТД пәнінің оқытушы—ұйымдастырушысы Садыков Ерболат Асанович облыстық білім басқармасының басшысы М. Шермағанбет және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Г. Есқалиеваның ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.

210syr Wed, 10 May 2023 13:08:03 +0600
Құттықтаймыз!!! https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1025-ttytajmyz.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1025-ttytajmyz.html
Құттықтаймыз!!!
🥈2023 жылдың 5 мамыр күні  өткен Қ.Игенбаев атындағы облыстық олимпиадаға мектебіміздің 7 "а" сынып оқушысы Шыңғысқан Мадияр қатысып, жүлделі ІІ орын  иеленді.Жетекшісі : Шитманова Кулайм Каражановна. Дарынды оқушыларымыз көбейе берсін!

210syr Wed, 10 May 2023 13:05:46 +0600
СЫР ТҮЛЕГІ https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1017-syr-tleg.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1017-syr-tleg.html
Тереңөзекте тұратын Сүлейменовтер ауданда белгілі әулет саналады. Біздің кейіпкеріміз Ержанның атасы Әбдіқайым Сүлейменов Одақ кезінде көп жыл аудандық коммуналдық шаруашылық саласын басқарып, ел құрметіне бөленді. Ал Ержанның әкесі Әбілқасым мен анасы Аршагүл ұлағатты ұстаздар. Бүгінде екеуі де құрметті еңбек демалысында. Кезінде мақтаулы педагогтардың алдынан қаншама шәкірт өмірге жолдама алды десеңші. Әбекең «ҚР Білім беру ісінің үздігі» болса, Аршагүл апай жоғарғы санатты ұстаз. Осындай отбасында тәрбиеленген Ержанның да білімге құштарлығы ерекше болыпты.  
 Ержан Әбілқасымұлы, адам жанының инженері саналатын дәрігерлік мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?– Менің кішкентайымнан арманым дәрігер болу еді. «Бір үйге бір дәрігер керек» деген қағида біз мектеп бітірген өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары дәуірлеп тұрған. Аудан орталығындағы №210 орталау мектебін үздік аттестатқа бітіріп, Қызылорда медициналық училищесіне оқуға түстім. Бұл арнаулы оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдадым. Бұдан соң жоғарғы оқу орны Шымкент медициналық академиясының емдеу ісі факультетінде білім алдым. Оны да қызыл дипломмен бітіріп, биік белестерді бағындыру үшін бағымды сынайын деп үлкен ғылыми орталық болып саналатын Алматы қаласына жол тарттым.
– «Бірінші байлық – денсаулық» дейді халық даналығы. Сіз қай салаға маманданған дәрігер бол­дыңыз?
– Мен академияны бітіргеннен кейін Шымкентте интернатураны облыстық аурухананың урология бөлімінде өткіз­генмін. Соның септігі тиіп, әрі үздік оқығаным бар Алматыда академик Жарбосынов атындағы урологиялық орталықтың андрология бөлімінде еңбек жолымды бастадым.  Бұл жұмыс орнына қосымша Қазақ Ұлттық медициналық академиясының урология кафедрасында студенттерге дәріс бердім. «Ғылым таппай мақтанба» дейді ұлы Абай. Осы кезден бастап ғылымға біржолата ден қойдым. Екі жерде еңбек ете жүріп білімімді одан әрі ұштадым. Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінде екі жыл оқып, денсаулық магистрі атандым.
   Сіздің еңбек жолыңызбен танысқанымда ғы­лым­да да, қызметте де биік белестерді бағын­дырғаныңыз айқын көрінеді. Жасы қырыққа жетпеген жігіт үшін бұл аз жетістік емес. Мұның сыры неде?
– Оның ешқандай жұмбағы жоқ. Мен өз мамандығымды айрықша ұнатамын. Сондықтан оны жан-жақты игеру үшін ғылыми негізге сүйенемін. Қазіргі таңда елімізде урологиялық аурулар белең алып тұр. Қай кезеңде де ауру ерте анықталса, оны емдеу жеңілдеу болады. Осыған орай менің кандидаттық диссертациямның тақырыбы «Қуық асты безі аденомасының жаңа диагностикалық және емдеу тәсілдері» деп аталады. Ал енді қызметке келетін болсақ, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен тәрізді ғылым жолында жүрген жас ғалымды қызметте сынап көрейін деген болуы керек №1 клиника бас дәрігерінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұл лауазымда үш жыл қызмет еткеннен кейін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен Қарасай аудандық ауруханасының бас дәрігерінің бірінші орынбасары болдым. Өз міндетімді жастық жігермен, зор ынтамен атқарғандықтан Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары лауазымына көтерілдім. Одан кейін бірнеше жыл облыстық туберкулез ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқардым.
  Сіз біліміңізді үздіксіз жетіл­діріп, Ресейдің маңдай алды жоғарғы оқу орны – Патрис Лулумбо атындағы халықтар достығы университетінің медициналық факуль­тетінің докторантурасын сырт­тай оқып, бітіріп, сол Мәскеуде докторлық қор­ғапсыз. Өз елімізден гөрі таяу шет елде қорғау күрделірек, қиын болды ма?
– Мұндай сәтте өмір бойғы жина­ған білімің сынға тү­седі. Ғылыми жетекшілерің П.Л.Огурцов пен Н.А.Ку­ран­шев солай ұйғарғасын доктор­лықты Ресейдің астанасында қорғауға тура келді. Қашанда мен алға қойған мақсатымды орындап шығу үшін осы жолда қиындықты еңсеру үшін ұлы Абайға жүгінемін. Бұл жолы да ұлы ақынның «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап» дегенін жадымда ұстадым. Сөйтіп, докторлықты сәтті қор­ғап шықтым.
   Сіз бүгінде елімізге белгілі дәрігер-менеджер­сіз. Бір сөзіңізде Американың бизнес мектебін бі­тірдім деп айттыңыз. Дәрігерге менеджерлік керек пе?
– Мен жай дәрігер емес облыстық дәрежеде бас дәрігер болдым. Сол кезде жылдық есеп-қисапты шығару үшін менеджер болғанымның пайдасы тиді. Және де соңғы бір-екі жылдан бері жеке кәсіпкермін. Республика бойынша жеке медициналық орталықтардың бас директорымын. Қазіргі таңда Қазақстанда 16 жеке медициналық орталығым бар. Енді 17-ші медициналық орталықты туған жерім Қызылорда қаласынан ашуға жұмыс жасап жатырмын. Оның негізгі бағыты онкологиялық аурулардың диагностикасы, аллергиялық аурулардың диагностикасымен емдеуі және ерлер мен әйелдердің белсіздігі мен бедеулігін зерттеу мен емдеу. Біз қазір алдымызға осындай үш күрделі мін­дет қойып отырмыз. Осылайша Сыр бойы халқының денсаулығын қорғауға белсенді атсалыспақшымын деді өз сұхбатында.

https://tirshilik-tynysy.kz/kogam/16894-erzhan-sleymenov-tuan-zhermnen-medicinaly-ortaly-ashamyn.html]]>

210syr Wed, 03 May 2023 12:24:21 +0600
"Күлкі жанның шипасы" https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1013-klk-zhanny-shipasy.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1013-klk-zhanny-shipasy.html
21.04.2023ж күні "Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі"  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен "Күлкі жанның шипасы" атты мектеп оқушылары арасында аудандық Жайдарман сайысында үздік өнер көрсеткені үшін N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің "210 құрамасы" жайдарман тобы жүлделі  І орынды иеленіп, арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Жетекшісі: Арықов Өркен Алдабергенұлы

210syr Tue, 25 Apr 2023 11:49:42 +0600
«GREEN OASES» номинациясы бойынша https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1012-green-oases-nominacijasy-bojynsha.html https://210-syr.mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/1012-green-oases-nominacijasy-bojynsha.html
Құттықтаймыз!!!        
 2023 жылдың 21 сәуір күні «Табиғатты аяла»  республикалық жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына қатысқан  мектебіміздің 7 "а"сынып оқушысы Нұрғазы Сұлтанбек
«GREEN OASES» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.Жетекшісі: биология -химия пәнінің мұғалімі Оспанова Жазира Кенжебекқызы.Жас зерттеуші оқушыларымыз көбейе берсін!

210syr Tue, 25 Apr 2023 11:48:22 +0600