15
март
2023
Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы
Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы
14.03.2023ж күні № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бойынша Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған іс-шара жоспарына сәйкес оқушылар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында "Дене шынықтыру" бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлттық спорттық ойын түрлерінен сайыс өткізілді.
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.