06
февраль
2023
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша іс-шара
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал обьектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал обьектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша іс-шара жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру,жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермей бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.