«Шәкәрім – Ұлы Тұлға»
Барын бағалаған ел ғана қашан да жолынан жаңылмай, тарихқа бағыт бере алады. Сондықтан да өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы. Қазақ елінің тәуелсіз даму жолында ұлтымыздың ұлағатты ұлдары қолына қару алып та, қалам алып та қызмет етті. Өйткені еркіндік үшін күрестің жолдары да сан алуан. Сондай ұлттың ұлы тұлғаларының бірі, қазақ даласынан шыққан ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы туғанына биыл 165 жыл толады. Ақынның көркем мұрасы- әдебиетіміздің асыл